Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ТЖД өкілі 12 жастағы баланың суға кетуіне қатысты пікір білдірді

2021 жылдың 3 тамыз 2021 15:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғау басқарма бастығы Рәтбек Демеуберген 30 шілдеде 12 жастағы баланың өлімімен аяқталған қайғылы оқиға туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы суға бату оқиғасы 30 шілдеде тіркелді. Үш күн бұрын Сарайшық көшесі маңында, «Триатлон паркі» ауданындағы көпірдің астында суға шомылып жүрген 2009 жылғы бала суға батып кетті. Ол жерге біздің төтенше жағдай қызметінің өкілдері суға шомылуға болмайтыны туралы белгі қойғанын айту керек. 12 жастағы жасөспірім оған мән бермей, арты қайғылы аяқталып отыр. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарын балаларды өз бетімен шомылуға жібермеуге шақырамыз», - деді Рәтбек Демеуберген әкімдіктің ақпарат алаңында.

Оның айтуынша, маусым басталғаннан бері суға шомылу ережесн сақтамаған адамдардың үстінен 285 айыппұл парағы толтырылған.

«Бүгінгі күні шомылу қауіпсіздігі мен ережесін сақтамаған адамдардың үстінен 285 әкімшілік хаттама толтырылды. Хаттаманы ішкі істер органының қызметкерлері толтырады. Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 364-бабы бойынша 223, 440-бабы бойынша 62 әкімшілік айыппұл салынды», - деген ТЖД өкілі.


Жоғары қарай