Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

ТЖ режимі: Қазақстандықтар қандай жағдайда шетелге шыға алады

2020 жылдың 17 наурыз 2020 19:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше режимнің енгізілуіне байланысты қазақстандықтар қандай жағдайда шетелге шыға алады? Халықаралық бағыт-бағдар бойынша жүк тасып жүрген көлік жүргізушілері Қазақстанға кіре ала ма? Бұл сұрақтардың жауабын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ҰҚК Шекаралық қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты елден шығу бойынша шектеу шетелге емделуге баратын азаматтар үшін қолданылмайды. Ол үшін азаматта денсаулық сақтау мекемесінен растайтын құжат болуы керек», - деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.

Шетелге емделуге кетіп бара жатқан азаматта Қазақстаннан шығу үшін мынадай құжаттар болуы тиіс: Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес 035-1/у формасындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, шетелдік медициналық ұйымның шақырту қағазы (нотариалдық куәландырылған аудармамен бірге).

«Сонымен қатар шет мемлекеттерде тұруға ықтиярхаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстанның ресми делегацияларының мүшелері», - деп хабарлайды комитеттен.

Сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық жүк тасымалын жүргізетін автокөліктердің жүргізушілері келесі жағдайда мемлекеттік шекарадан өте алатынын хабарлайды.

1. Автокөлік құралдарымен халықаралық бағыт-бағдар бойынша жүк тасымалы карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуымен жүргізілуі керек.

2. Азаматтығына қарамастан жүргізушілер мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін шетелдік төлұжатпен жүруі тиіс.

3. Қазақстан Республикасына кіру үшін өткізу пунктіне келгеннен кейін 1а) және 1б) санатындағы мемлекеттен келген жүргізушілер, сонымен қатар соңғы 30 тәуліктің ішінде 1а) және 1б) санатындағы мемлекеттік болып келген шетелдік жүргізушілер шекараға жүргізушінің ауыстырылуымен ғана жүк көліктері карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуымен немесе қазақстандық тягачтың ауыстырылуымен кіргізіледі.

Айта кетсек бұған дейін Қазақстанда жүк көліктерін өткізетін бекеттер белгіленгені хабарланған болатын. Қазақстанда төтенше жағдайдың жариялануына байланысты шекара қызметі Қазақстан және шетел азаматтары, сондай-ақ сыртқы экономикалық салаға қатысушылар үшін мемлекеттік шекара арқылы кіру және шығуға қойылған шектеулер туралы маңызды мәліметті жариялаған еді.


Жоғары қарай