Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ТЖ режимі: Бокстан Қазақстан командасы Азия чемпионатына қатыспайды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 16:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатына қазақстандық спортшылар қатыспайды. Бұл туралы команданың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жоспарланған оқу-жаттығу жиындарын кейінге қалдырдық. Нақтылап айтар болсам, жиын ақпан айында болады. Ал 20 қаңтар күні Ташкентте басталатын 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия біріншілігіне де бармаймыз. Өйткені, тәртіпсіздіктерге байланысты елден шығуға рұқсат жоқ.

Мұндай қиын кезеңде біз бірігіп, ауызбіршілік танытуымыз қажет. Қазір жаттығу жиындары да, жарыстар да тоқтап тұр. Дегенмен, келесі айдан бастап барлық жоспарымыз уақытылы орындалады деп сенеміз», - дейді Қайрат Сәтжанов.

Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 20-30 қаңтар аралығында өтеді.


Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай