Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тұтыну нарығындағы бағалардың өсуі байқалады – Әлихан Смайылов

2021 жылдың 12 мамыр 2021 10:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 8 өңірінде инфляция деңгейі орташа республикалық деңгейден жоғары. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 айдың қорытындысы бойынша экономикамыз жақсы нәтижелер көрсетті. Бұл өңдеу секторында, құрылыста, ауыл шаруашылығында, байланыста өнімді шығарудың өсуімен байланысты. Сондай-ақ барлық өңірде бөлшек сауда көлемі өсті. Жандану көлік саласында да байқалды. Алайда, біз тұтыну нарығындағы бағалардың өсуін байқап отырмыз. Жылдық мәнде инфляция деңгейі 8 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары. Осыған байланысты әкімдіктер мен мемлекеттік органдардың экономикалық белсенділікті одан ары қалпына келтіру іс-шараларымен қатар басты міндетінің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бойынша жол картасын тиімді іске асыру болып саналады», - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ол нақтыланған бюджет жобасында салық түсімдері 278 млрд теңгеге ұлғайтылғанын, осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлер үшін қиындық туғызбай салық-кедендік әкімшілендіруді күшейту қажеттігін баса айтты.

«Нақтыланған бюджеттің шығыстары 1,2 трлн теңгеге ұлғайтылды. Осыған байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдар бюджеттің әрбір деңгейінде тиісті бюджеттік рәсімдерді жедел жүргізуі қажет. Бұл - жерде бастысы орталық және жергілікті органдардың өзара іс-қимылы. Бұл - қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу жоспарларына өзгерістер енгізу, сонымен қатар келісімшарттарды уақытылы жасасу», - деді бірінші вице-премьер.


Жоғары қарай