Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар 30 күн бойы жәбірленушімен кездеспейді

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 12:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отбасылық жанжал шығаратындарға 30 күн бойы жәбірленушімен кездесу немесе байланысқа шығуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат Ирина Унжакованың сөзіне қарағанда, заң жобасына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық қатері туралы хабарламаның өзі, оның ішінде әлеуметтік желіде орналасқан мәлімет те полицейлердің әрекет етуіне негіз болады.

Сонымен қатар, қорғау ұйғарымын шығаруда полицейлердің өкілеттігін кеңейту ұсынылды.

Депутаттар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында айыпты адамды баспанасынан шеттетіп, жәбірленушімен және балаларымен 30 күн бойы кездестірмеу шектеуін ескеруді атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.



Жоғары қарай