Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды

2020 жылдың 30 қазан 2020 18:48

ИЗМИР. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияның батысында жұма күні магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген.

Зілзала ошағы - 16,5 шақырым тереңдікте.

Жер сілкінісі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.

Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан Измир қаласының Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қираған.

Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.


Жоғары қарай