Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркиядағы зілзала: Жарақат алғандар саны 320 адамнан асып кетті

2020 жылдың 30 қазан 2020 22:59

ИЗМИР. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 320 адамнан асып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқарманың (AFAD) мәліметінше, Измирдегі зілзаладан 321 адам жарақат алған, 6 адам қаза тапқан.

Үйінді астында қалған 70 тұрғын құтқарылған. Құтқару жұмыстарын жүргізуге 3 млн түрік лирі бөлінді.

Түркияның ішікі істер министрлігінің мәліметінше, Измир қаласының Борнова мен Байраклы аудандарында жер сілкінісінен алты тұрғын үй қираған.

Еске сала кетсек, Түркиядағы Измир жағалауында 6,6 балдық жер сілкінісі болды.

Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы сондағы қазақстандықтар көмек қажет болса тікелей елшілікке хабарласуы керектігін ескертті. Елшілік қазақстандықтар шұғыл хабарласуға болатын телефон нөмірлерін жариялады.



Жоғары қарай