Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 22-ге жетті, 39 адамды үйінді астынан шығарып алды

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 15:53

АНКАРА.АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат –Доганйол ауданындағы қуатты зілзала салдарынан Малатья түрік провинциясында 4 адам, Элязыг провинциясында 18 адам мерт болды. Бұл туралыТүркия Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы.

Оның айтуынша, зілзаладан кейін құтқарушылар үйінді астынан 39 адамды шығарып алған.

«Біздегі мәлімет бойынша, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деді Сойлу.

24 қаңтар күні Түркияның шығысында жергілікті уақытпен20:55-те магнитудасы – 6,8 баллдық зілзала болып, 20 адам қаза тапты. Жерасты дүмпуінің ошағы Сивридже уезінің Элязыг провинциясында орналасқан. Түркияүкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, зілзаладан кейін магнитудасы 2,7-5,4 болатын 60 афтершок тіркелген. Жерасты дүмпуі Эльязыг маңындағы провинциялар (Адана, Хатай, Османие, Тунджели, Газиантеп, Шанлыурфа, Малатья,Мардин, Самсун, Токат, Чорум және Кайсери) мен Сирияның солтүстігінде байқалған.


Басты сөздер: Оқиға, Түркия,
Жоғары қарай