Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Түркияда маска сатылмайды, тек қана тегін таратылады

2020 жылдың 7 сәуір 2020 09:44

АНКАРА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат - Түркияда коронавирус инфекциясының таралуына қарсы алдын алу шаралары кезең-кезеңімен қабылдануда. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоғанның отандастарына жасаған телеүндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Түркия билігі халыққа медициналық масканы тегін таратуға кіріскенін, ал олардың ақшаға сатылуына тыйым салынғанын хабарлады.

Ердоғанның айтуынша, Түркияның денсаулық сақтау жүйесі күн сайын 20 мыңнан астам коронавирус инфекциясына тест жүргізе отырып, «маңызды кезеңнен» өткен.

Бұдан бөлек, Ердоған Ыстанбұл әуежайы ауданында инфекция таралмас үшін 1000 төсек-орындық тағы екі аурухана болатынын мәлімдеді.

Түркия басшысы ел үкіметі COVID-19 пандемиясы аясында тағы 2,3 миллион отбасына көмек көрсету жоспарын дайындап жатқанын айтып өтті.

Ол өткен аптада басталған Ұлттық ынтымақтастық науқаны кезінде қайырымдылыққа 1,5 миллиард түрік лирасы жиналғанын айтты.


Жоғары қарай