Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты

2020 жылдың 3 шілде 2020 08:44

АНКАРА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Бүгінге дейін Түркияда 176 965 пациент коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп мәлім еттті бейсенбі күні елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа өзінің Twitter парақшасында. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство басшысының айтуынша, соңғы тәулікте Түркияда тағы 12 адам COVID-19 вирусынан көз жұмған. Елде аурудан қайтыс болғандар саны 5167 адамға жетті.

Министр коронавирус жұқтырудың тіркелген жағдайларының жалпы саны 202 284 екенін, тағы 1186 науқастың тесті оң нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 вирусының бар-жоғын тексеретін 49 714 тест жасалған.

Ал ауру басталғалы бері 3,48 млн талдау алынған.


Басты сөздер: Түркия, Коронавирус,
Жоғары қарай