Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда

2021 жылдың 13 желтоқсан 2021 01:41

ТОКАТ. ҚазАқпарат - Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы ішкі Анадолыда орналасқан Токат қаласында «Қожа Ахмет Яссауи жолы мен Нұрсұлтан Назарбаев» атты конференция ұйымдастырылды.

Іс-шараға аталған өлкенің губернаторы Озан Балжы, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Токат қаласы кеңесінің мүшелері мен тұрғындары қатысты.

Алқалы жиын Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани-Хикмет» шығармасы және оның күллі түркі жұртының мұсылмандық түсінігіне қосқан үлесі қозғалды. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары, оның ішінде түркі дүниесі ықпалдастығын дамытудағы рөлі жан-жақты айтылды.




«Қазақстанның тәуелсіздігі бүкіл түркі жұрты үшін маңызды. Өйткені, ол - атажұртымыз. Еуразияның жарқыраған жұлдызы - Қазақстанның қуаты, біздің де қуатымыз. Азаттығы - біздің де азаттығымыз. Әрқашан да солай болсын! Екі ел арасында барлық саладағы ынтымақтастығымыз артып, қазақ-түрік қатынастары төрткүл дүниеге үлгі болсын!», - деді Токат губернаторы Озан Балжы.




Айта кетерлігі, конференция барысында «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» атты шығарма жарысында жүзден жүйрік шыққан жастар марапатқа ие болды.





Сондай-ақ Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы Токат өлкесінің құрметті азаматы атанып, жыл дипломаты атағын да иеленді.









Ақжігіт Чукубаев


Жоғары қарай