Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияда 54 млн халық вакцинаның бірінші дозасын салдырған

2021 жылдың 7 қазан 2021 10:53

АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияда 14 қаңтардан бастап басталған жаппай вакциналау науқаны аясында COVID-19-ға қарсы вакцинаның 111,4 миллионнан астам дозасы енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында айтылған.

Ведомствоның мәліметінше, жалпы саны 54,28 млн адам екпенің бірінші дозасын, ал 45,64 миллионға жуық азамат толық вакциналаудан өтті.

Өткен тәулікте қауіпті вирустан тағы 31 413 пациент сауығып шықты.

Тағы 30 438 адам ауруға шалдықты. 236 өлім жағдайы тіркелді.


Басты сөздер: Вакцина, Әлем, Түркия,
Жоғары қарай