Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияда 5 балдық жер сілкінісі болды

2021 жылдың 18 қараша 2021 17:38

ДЮЗДЖЕ. ҚазАқпарат – Түркияның солтүстік-батысындағы Дюздже провинциясында Рихтер шкаласы бойынша 5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жою бойынша басқарманың (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 15:40-та 18,02 километр тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы Дюздже қаласында орналасқан.

Меркез-Джедидие және Азмимилли шағынаудандарында тұратын кейбір азаматтар жер сілкінісінен кейін үйлерінен шығып, түнді көшеде өткізді.




Қала тұрғындары жылыну үшін от жағып, халықтың амандығы үшін дұға оқыған. Одан кейін 1999 жылы болған жер сілкінісін естеріне алды.

Ауданды жедел жәрдем және Ұлттық медициналық құтқару командасының бригадалары күзетуде.

Жер сілкінісінің салдарынан 19 азаматқа медициналық көмек көрсетілді. 14 адам қатты шошынған, 5 адам болмашы жарақаттар алды. Құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат түспеген.

Авторы: Ақжігіт Чукубаев


Басты сөздер: Түркия, Жер сілкінісі,
Жоғары қарай