Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 448.01
EUR 495.86
RUB 5.64
CNY 63.19

Түркия қазақстандықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 19:40

АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты қазақстандықтарға көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін, 27 желтоқсан күні таңертең Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақтың апатқа ұшырағанын және ұшақ бортындағы адамдардың жарақат алып, қаза тапқанын естіп, қатты қайғырдық. Дос және бауырлас Қазақстан халқының қайғысына ортақтасып, апатта қаза болғандарға Алладан рақым тілейміз. Олардың жақындарына көңіл айта отырып, сабыр тілейміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз» делінген Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.


Жоғары қарай