Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркия елшісі Түркістанның даму әлеуетін жоғары бағалады

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 00:19

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев Түркия елшісі Уфук Екиджимен кездесті.

Шаһар басшылығы бауырлас халықтың қиын кезеңдердегі қолдауына және пандемия кезіндегі гуманитарлық көмегіне алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде тараптар сонымен қатар алдағы уақытқа жоспарланған түркі, Орталық Азия және Еуропа халықтары бас қосатын Саммитті қуана күтетінін айтты.

«Түркістанда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бүгін киелі қалаға алғаш рет аяқ басып отырмын. Шаһардың рухани және тарихи таңқалып отырмын. Кесененің кереметін сөзбен жеткізу мүмкін емес», - деді Уфук Екиджи Рухани.

Кездесу барысында түркиялық компаниялар салып жатқан «Керуен сарай» кешені мен «Халықаралық әуежайдың» құрылысы ерекше қарқынмен іске асып жатқанын атап өтіп, жуық арада қолданысқа берілетінін және оның туризм саласының жандануына сеп болатындығын жеткізді.


Жоғары қарай