Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркия, Англия, Нигериядағы этникалық қазақтардың қатысуымен жиын өтті

2020 жылдың 12 қыркүйек 2020 09:25

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Түркия, Англия, Польша, Нигерия және Ресей елдеріндегі этникалық қазақтарының қатысуымен «Ұлы Даланың ұлы тілі» атты онлайн бейнеконференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық мәдениет бөліміне сілтеме жасап.

Бейнеконференцияда сөз сөйлеген «Ата-Мекен» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымының жетекшісі Сәрсенғали Құспанов тіл – бұл ұлттың мақтанышы екенін атап өтті.

Сонымен қатар, бейнеконференцияға Түркияның Анкара қаласындағы Gazi Üniversitesi студенті Балауса Балшық, Нигерия мемлекетінің тұрғыны, тіл маманы Абдулл Керим және Польша тұрғыны Лашын Тұрапбаев өздерінің пікірлерін білдірді.

Онлайн шарада тіл адамзаттың байлығы, өнер, мәдениет және ғылымда тіл арқылы жоғары жетістіктерге қол жеткізуге болатындығы айтылды.

Бейнеконференция барысында «Тіл халық қазынасы» атты көрме, интерактивті тақтада «Тілім – менің өзегім» бейнеролик, Абай мен Ахмет Байтұрсынұлының тілге қатысты айтқан даналық сөздері ұсынылды.


Жоғары қарай