Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы нығаюда

2020 жылдың 23 қараша 2020 18:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, кездесу барысында түркі әлемі үшін өзекті мәселелер талқыланды. Министр Түркі академиясының және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының бюджеттеріне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттамаларға қол қойды.

Түркі кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы 3 қазанда құрылды. 2019 жылы Елбасы аталған құрылымның Құрметті төрағасы болып сайланды. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Ұйымға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мүше, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Түркі академиясы да Елбасының бастамасымен 2010 жылы 25 мамырда құрылды. Ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Түркі мәдениеті мен мұрасының қоры Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен 2012 жылы 23 тамызда құрылды. Штаб-пәтері Баку қаласында орналасқан.


Жоғары қарай