Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістаннан басқа барлық өңірде инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші 1-ден төмендеді

2020 жылдың 11 тамыз 2020 10:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістаннан басқа барлық өңірде инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші 1-ден төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 тамыздағы жағдай бойынша Түркістан облысынан басқа өңірлерде репродуктивтілік көрсеткіші 1-ден төмен болып тұр. Бұл карантин енгізудің және жағдайды тұрақтандыру бойынша жаппай қабылданған шаралардың тиімділігін дәлелдейді. Карантин шараларларын жеңілдетудің әзірленген критерийлеріне сәйкес, министрлік инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішін, соңғы апта ішідегі ауру көрсеткішін, сонымен қатар өлім-жітім көрсеткішін қадағалап отырады», - деді Алексей Цой.

Оның атап өтуінше, карантин шаралары қатаңдатылған 5 аптаның ішінде инфекция репордуктивтілігі 1,15-тен 0,82-ге дейін, ауруға шалдығу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73-тен 36,2-ге дейін төмендеген. Осындай оң динамика денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің және негізгі көрсеткіштердің оң динамикаға ие болғанын көрсетеді әрі карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Бұл жеңілдету қоғамдық орындарда маска режимі мен гигиенаны қатаң сақтай отырып, сонымен қатар барлық ақпарат арналарымен халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы жүргізілуі тиіс. Карантинді кезең-кезеңмен жеңілдету бойынша қорытынды ұсыныстар комиссияның таяу отырысында енгізілетін болады», - деді министр.


Жоғары қарай