Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістандық таксопарктар дәрігерлерді науқасқа тегін жеткізе бастады

2020 жылдың 10 шілде 2020 08:51

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Келес ауданының такси қызметкерлері пандемияға байланысты игілікті істі бастады. Кәсіпкерлер сырқаттанушылар санының күрт көбеюіне байланысты науқастарды тегін тасымалдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігінен дәрігерлерді науқастарға жеткізерде қиындықтар туындауда. Аталған мәселені ескерген аудан әкімдігі жергілікті таксопарк өкілдеріне үндеу жасаған болатын. Компаниялардың арасында «Регион такси» серіктестігінің Келес аудандық өкілдері аудандық ауруханаға көмектесу ниетін жеткізген. Аталған компания 20-дан астам көлігін жедел жәрдемге көмектесу үшін волонтер ретінде босатқан. Аталған таксопарктің диспетчерінің байланыс номері аудандық аурухана өкілдеріне берілген. Аурухана қызметкерлері тұрғындар тарапынан қоңырау түскен сәтте-ақ жедел жәрдем көлігі бос болмаса аталған таксопарк көлігін шақырта алады. Такси жүргізушілері дәрігерді науқастардың үйіне жеткізіп, тегін қызмет көрсетіп жүр.








Жоғары қарай