Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістандық полицейлер шөл далада екі күн бойы адасып жүрген мүгедек жігітті тапты

2022 жылдың 18 мамыр 2022 15:19

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Отырар аудандық полиция бөліміне кешкі сағат 17:00 шамасында Шәуілдір ауылының тұрғыны хабарласқан. Ол 29 жасар бірінші топтағы мүгедек ұлын жоғалтып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтағы полиция департаментінің жазуынша, ұлы шалғайда орналасқан мал жайылымдық алқаптағы үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бір күн бойы іздеп таба алмаған жігіттің туыстары полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

«Отырар АПБ қызметкерлері хабар алысымен жедел қимылдап, жеке құрам толық жұмылдырылды. Бұдан бөлек, бұл құрамға еріктілер қосылып, жалпы 50 адамнан құралған топ жігітті іздеуге кірісті. Полицейлер өзге де мал жайылымдық алқаптарды, Қызылорда облысы және Өзбекстан Республикасымен шектесетін құмды аймақтарға дейін түгел аралап шықты. Күні-түні дамыл таппай іздеу нәтижесінде жоғалған бала 2 күннен соң 20 шақырым қашықтықтағы шөл даладан табылды. Тәртіп сақшылары табылған ұлды аман-есен анасына табыстады», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Анықталғандай бұл отбасының жеке мал жайылымдық алқабы және онда вагон үйшігінен жасалған баспанасы болған. Отбасы мүшелері сыртта малдарының жем-суын беріп, абыр-сабыр болып жүргенде мүгедек ұлдың үйшіктен шығып кеткенін ешкім байқамаған.


Басты сөздер: Полиция, Түркістан облысы,
Жоғары қарай