Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістандық полицейлер боранда жолда қалған азаматтарға көмек беруде

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 16:57

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының полицейлері ақ түтек боранның салдарынан жолда қалған азаматтарға көмектесуде. Ордабасы ауданының полиция қызметкерлері жол бойына тоқтап тұрған көліктердің ішінде адам қалып қоймасы үшін, барлық көліктерді біртіндеп тексеріп шығуда, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін таңғы төрттен бастап Түркістан облысында қалың қар жауып, қатты жел ұйытқып соқты. Үздіксіз соққан ақ түтек боранның салдарынан республикалық жолдарда көліктер көптеген қиындыққа тап болуда. Бет қарыған суық, ұйытқыған қар көліктердің қозғалуына кедергі келтіруде. Осыны ескерген Түркістан облысы полиция қызметкерлерінің жеке құрамы жолға шыққан және жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел жұмылдырылды.




Ордабасылық тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған жеңіл көліктерді өздерінің қызметтік көлігімен сүйреп тегіс жолға шығарып жатыр. Кейбір көлікте қалып қойған адамдарды жақын маңдағы жылы орындарға жеткізіп, қажетті көмек көрсетуде.

Ордабасы аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы Ержігіт Қонарбаев жұртшылықты жолға шықпауға шақырды.

«Құрметті жүргізушілер боранда мейлінше сабыр сақтап, үйде отырғандарыңыз жөн. Алыс жолға мүлдем шықпаңыздар. Қар басып қалған бірқатар жол жабылып, автокөліктер жүрісін тоқтатып жатыр. Қысқы маусымда міндетті түрде көліктеріңізді мезгілге сай дөңгелекпен жабдықтаңыздар!», - деп ескертті полицей.








Жоғары қарай