Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістандық оқушылар «Шексіз өмір» фестивалінде топ жарды

2020 жылдың 23 қараша 2020 14:53

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық фестивалін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, қашықтан өткен фестивальде еліміздің барлық өңірінен 4 топтық ұжым, 101 қатысушы бақ сынаған. Қамқөңіл балалар арасындағы сайыста Түркістан облысынан 6 оқушы қатысты. Оның бесеуі жүлделі орыннан көрінді.

Республикалық фестиваль 6 номинация бойынша өткізілген болатын. Вокалдық орындау: ымдау тілінде ән айту, жеке ән айту, вокалдық ұжым; би билеу (арбамен би билеу); Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер; сәндік-қолданбалы шығармашылық; техникалық өнертабыстар; компьютерлік әзірлемелер, робототехника.

Облыс орталығында мерейі үстем болған жүлдегерлер білім саласының қызметкерлерімен жүздесті. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев марапат иелерімен кездесуде оқушыларды лайықты жеңісімен құттықтап, алғыс білдірді.











Дастан Орманов техникалық өнертабыстар номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ал, ІІ дәрежелі дипломға компьютерлік әзірлемелер номинациясының иегері Қамбарбек Кәдірбекұлы, би билеу номинациясы бойынша Ленгір көмекші мектеп-интернатының «Әсемай» ансамблі лайық деп танылған.

Сондай-ақ, ІІІ дәрежелі дипломға Бердибек Мадияр – көркем шығармашылық номинациясы мен Қымбат Шакен – сәндік қолданбалы шығармашылық номинациясы бойынша ие болды.





Жоғары қарай