Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістандық медицина қызметкерлері «Ақжол» партиясының төсбелгісімен марапатталды

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 18:56

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Түркістан қаласына келіп, бірқатар құрылыс нысандарында болды. Жаңадан салынған зәулім ғимараттарды аралап, жергілікті халықпен тілдесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия төрағасы сондай-ақ, шаһардағы жекеменшік клиникаға барып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиында жергілікті ауруханалар мен емханалардың бүгінгі проблемалары талқыланды. Сонымен қатар Үкіметтен бөлінген қаражаттың медицина қызметкерлеріне берілу барысы сөз болды.

Азат Перуашев дәрігерлер мен орта буын мамандарының талап-тілектері мен ұсыныс- пікірлерін тыңдап, қажет болған жағдайда Үкіметке немесе Денсаулық сақтау министрлігіне жеткізетінін атап өтті. Бұдан бөлек, пандемия кезінде провизорлық бөлімшеде 300-ден аса науқасты емдеп, аман алып қалған сала мамандарына алғысын жеткізді. Қауіпті індет белең алған тұста уақытпен санаспай, өз денсаулығын қатерге тіккен бірқатар медицина қызметкерлерін партияның «Жанқиярлық ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады.








Жоғары қарай