Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Түркістандық дәрігерлері қайырымдылық шара өткізді

2019 жылдың 15 наурыз 2019 23:54

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Ордабасы ауданының дәрігерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық орталық аурухана басшылығының ұйымдастырған шараға әлеуметтік қызметкерлер мен психолог мамандар, салауатты өмір салтын қалыптастыру саласының өкілдері де атсалысты.

Ақ халаттылар мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, оларды ата-аналарымен бірге Көктем мерекесімен құттықтады. Жеткіншектерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған дәрігерлер демеушілердің көмегімен дайындалған сый-сияпаттарды табыстады. Концерттік бағдарлама дайындап, балғындарды бір серпілтіп тастады. Шараға қатысқан Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Азат Оралбаев пен Ордабасы аудандық орталық ауруханасының басшылығы да құттықтау сөз сөйлеп, жақсы тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, 100 мыңнан астам тұрғыны бар Ордабасы ауданында 43 мыңнан аса жас пен жасөспірім бар. Аудан бойынша 500-ден аса мүгедек бала тіркелген. Олардың барлығына мемлекет тарапынан қаралған медициналық көмек толық көрсетіліп келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар оңалту орталықтарында ем қабылдап, тиісті деңгейде ем - домын алуда. Алдағы уақытта аудандық орталық аурухана басшылығы тарапынан мұндай қайырымдылық шараларын дәстүрлі түрде өткізіп тұру жоспарланып отыр.



null


null




null

Жоғары қарай