Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Түркістандық дәрігерлер COVID-19 инфекциясынан сақтану жолдарын түсіндірді

2020 жылдың 24 наурыз 2020 18:36

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріCOVID-19 инфекциясынан сақтану жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елімізде коронавирус жағдайларының тіркелуіне байланысты үрейге бой алдырмау керек. Облыстық клиникалық ауруханасымен қатар өңірдегі барлық медициналық ұйымдар пациенттерді қабылдауға дайын, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылған»,-дейді облыстық клиникалық ауруханасының инфекционист-дәрігері Татьяна Қасымова.

Ал, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас эпидемиолог дәрігері Гүлнар Төлепова коронавирустың таралуына жол бермеу үшін тұрғындар да төмендегідей профилактикалық шараларды ұстану қажеттігін айтуда.

Атап өтер болсақ:

- қолды сабынмен жиі және мұқият жуу;

- адамдар көп жиналатын жерлерге бармау;

- науқас адамдармен (ЖРВИ) қарым-қатынаста болмау;

- дене қызуының көтерілуі, жөтелу, қиын демалу белгілері болса 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмек шақыру қажет.

Халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізген о блыстық қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс реаниматологы Вячеслав Цайдың айтуынша, дәрігерлер бүкіл әлемді дүрліктірген індетке қарсы бірнеше рет оқу курстарынан да өткен.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындарға 1406 телефоны және өңір бойынша 109 нөмірі арқылы шұғыл ақпарат орталығына хабарласуға болады.

Сондай-ақ ресми ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтынан және әлеуметітк желідегі парақшаларынан, Түркістан облысы әкімдігі сайтында ашылған мына парақшадан оқуға болады.








Жоғары қарай