Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістандағы жолдың сапасы тексерілді

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 00:20

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан әуежайы бағытындағы жолдың сапасын «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалы мамандары тексеріп шықты. Халықаралық терминалға тартылған инженерлік желілерді тексерген мамандар жол жабынынан сынама алып, оның талапқа сай екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайына баратын автомобиль жолының жалпы ұзындығы 16,3 шақырымды құрайды. Ал, жобаның жалпы құны 2,4 млрд теңге. Бүгінде әуе терминалының құрылысы жылдам салынуда. Дегенмен бұл жұмыстар жол құрылысының сапасына әсер етпегені анықталған.

«2019 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 2,2 млрд теңге толықтай игерілген. 2020 жылы жергілікті бюджеттен 245,050 млн теңге бөлініп, ағымдағы жылдың қыркүйек айына игеру жоспарлануда. Автомобиль жолы екі учаскеге бөлінген. Мердігер тарапынан нысан құрылысына 348 жұмысшы және 79 бірлік техника жұмылдырылған. Онда асфальтобетон жабынын, аяқжол, веложол салу және суару жұмыстары жүргізіліп, аяқталған. Сонымен қатар, көгалдандыру және жолды жарықтандыру қолға алынған»,- дейді жолға жауапты мамандар.




Қазіргі таңда әуежай маңындағы АТК каналы мен Шаға өзеніндегі көпірлерде монтаждау жұмыстары толықтай аяқталған. Жолдың өсімдік қабатын алу және негізін салу жұмыстары жүргізіліп, 7,8 шақырым немесе 69% жолға қара қиыршық тас төселген. Сондай-ақ, 7,4 шақырым жолғ ірі түйіршікті асфальтобетон жабыны салынған.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Жол, Түркістан облысы,
Жоғары қарай