Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістандағы көптеген тұрғын үйлер қызыл сызық пен жасыл аймаққа салынған

2021 жылдың 20 сәуір 2021 23:46

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда қаланың бекітілген Бас жоспарында туындаған өзекті мәселелерді талқылау жиыны өтті. Басқосуда қалалық сот пен облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдері, орта және шағын бизнес кәсіпкерлері жер мәселесі мен оны заңдастырудағы қатысты өзекті проблемаларды ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысы Рашид Абатұлының төрағалығымен өткен жиында жекелеген тұрғындардан жер учаскелерін қайтару мен бұл бағытта туындаған мәселелер барысы сөз болды. Бас жоспарда Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығы және Түркістан облысының жаңа әкімшілік орталығы ретінде дамытудың негізгі бағыттары айқындалған.

Дегенмен, қалалық «Жер қатынастары бөлімінің» басшысы Нариман Қасымбеков пен «Сәулет және қала құрылысы бөлімінің» басшысы Айдос Кентугаевтың көптеген тұрғын үйлердің қызыл сызық пен жасыл аймаққа түскенін атап өтті. Жасыл аймақ - саябақтар болса, қызыл сызық - кеңейтілетін жолдар болып саналады.

Айдос Кентугаев Түркістан қаласындағы тұрғын үйлердің басым бөлігінде құжаттары рәсімделмегенін айтады. Мәселен, биыл тұрғын үйлер газға өту кезінде де біршама қолайсыздықтар туындаған. Себебі, көгілдір отын кезінде техникалық құжат (техпаспорт) сұрағанда үйінің заңдастырылғандығы назарға алынады.

Ал, бөлім Бас жоспарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Одан өзге, мемлекет мұқтаждығына алу кезінде де заңдастырылған үйлердің бағасында айырмашылық болады. Сол себепті жыл басынан бері үй салар алдын Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөліміне архитектуралық сәулет жоспарының тапсырмасын алу қағидаты жүргізіліп келеді. Эскиздік жобасын келіскен соң ғана құрылыс жұмыстары басталады.

Рашид Абатұлы сала басшыларына осы мәселелердің кеңінен халық арасында таралып, тұрғындар жан-жақты хабардар болуы үшін үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруға тапсырма берді.


Жоғары қарай