Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілген

2021 жылдың 3 наурыз 2021 22:52

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген. Қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» әлеуметтік қызметкер саны 25-ті құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік қызметкерлер үйде жеке басты қарттарды және ерекше қажеттілігі бар балаларды күтумен айналысады.

Атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде есепте тұрған 29 жалғызбасты қарт пен ерекше қажеттілігі бар 90 бала және 18 жастан асқан 5 ерекше қажеттілігі бар азамат әлеуметтік қызметке жүгінген.

Көрсетіліп жатқан көмектер қатарында әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер мен әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық қызмет түрлері бар.

Сонымен бірге, 18 жастан асқан ерекше қажеттілігі бар жандар мен қарттарға үй жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне, қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне үйдегі еңбекті ұйымдастыру мәселесі жөнінде консультация беру сынды жұмыстар жасалып жатыр.

Б ұдан өзге мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру мен әлеуметтік-құқықтық қызметтерде көмек қолын созу, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде білікті және тиімді көмек көрсету жүйелі жүзеге асырылуда.





Жоғары қарай