Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Түркістанда Түркі кеңесі жас көшбасшыларының форумы басталды

2019 жылдың 23 сәуір 2019 16:06

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда «Түркістан - түркі әлемінің бесігі» атты Түркі кеңесі түркі университеттер Одағының ІV Бас ассамблеясы аясында Түркі кеңесі жас көшбасшыларының ІІ форумы басталды. Форумға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінен және Қазақстан Республикасының өзге облыстарынан жас делегаттар, белсенді жастар қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен форумның ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасы Мадияр Қожахмет пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев, TUGVA Түркия Республикасы Жастар қорының президенті Э.Эминоглу мен Ислам ынтымақтастығы Жастар форумының президенті Т.Айхан қатысты.
Өңірдің дамуы мен жастар саясатын дамыту барысында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған басқосуда облыстың туристік әлеуетін арттыруға қосымша серпін беру, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыс пен достық қарым-қатынасты дамыту жайы сөз болды. Форум аясында жастардың еркін тақырыпта кешкі кездесулері, «Opentalks» форматындағы секциялық жұмыстар, қатысушы делегаттардың Түркістан өңірінің тарихи және киелі орындарына экскурсиясы ұйымдастырылмақ.


null

Сондай-ақ, Түркі кеңесі жас көшбасшыларының ІІ форумының ашылу шарасында Түркі жастарының салтанатты шеруі және «Түркістанға оралу» атты этно-өнер фестивалі басталды. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған этно-өнер шарасы түркікітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыс пен достықты нығайту мақсатында өтті. Түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеу, қазақ және түркітілдес халықтардың дәстүрлі музыкасын жан-жақты жеткізуді көздейді. Фестиваль барысында түркітілдес халықтардың этнофольклорлық ансамбльдері мен дәстүрлі орындаушылар, ұлттық аспапта жеке орындаушылар өнер көрсетеді.


null

Бауырлас елдердің басын қосқан ауқымды шарада жиналған қонақтар Түркі халықтарының қолданбалы өнер көрмесін тамашалады.




null


null


null




null


null


null

Жоғары қарай