Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Түркістанда туристік аймақ құрылады

2019 жылдың 12 наурыз 2019 23:30

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс барысымен Түркістан қаласын аралады. Әуелі ол «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аймағы маңындағы Ортақ елді мекеніне барды. Онда өңір басшысы жаңадан бой көтеретін туристік аймақтың жобасымен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аймағы маңындағы Ортақ елді мекенінен Ясауи кесенесі жақсы көрінеді. Дәл осы жерден жаңа туристік аймақ салу қажет. Тұрғын үйлер шығыстық үлгімен салынып, биіктігі 3 қабаттан аспайтын болады. Сондай-ақ, сол қаланы қақ жаратын өзен жүргізіп, айналасына көлшіктер жасау керек. Бұл қаладағы ылғалдылықты арттырады. Туристер үшін арнайы этноауыл да орын тебетін болады. Тиісті басқармаларға құрылысты бастау үшін арнайы зерттеу жүргізіп, құжаттамаларын әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар, барлық инфрақұрылым мәселелері шешілетін болуы тиіс», - деді Өмірзақ Естайұлы.

Бұдан соң облысы әкімі Түркістан қаласының кіреберіс қақпасына аялдады. Онда алдағы уақытта қаланың шырайын ашатын ғимараттар бой көтеру қажеттігін айтты.

«Түркістан қаласының кіреберіс қақпасы көрікті болуы тиіс. Облыс орталығына келген туристер әуелі жаңа қаланы көріп, кейін көне қаламен қауышуы қажет. Сол үшін қаланың қақпа тұсында заманауи ғимараттар бой көтеруі керек», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, облыс орталығындағы сапар аясында өңір басшысы қаланы суландыру жүйесімен, жасыл желек жұмыстарымен таныс болып, бірқатар тапсырмалар берді.

Осыған дейін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Түркістандағы көшелерді кеңейтіп, жаңа автобустар жүргізу қажеттігі туралы құзырлы орган өкілдеріне тапсырма бергендігін жаздық.

Басты сөздер: Туризм, Түркістан облысы, Әкім,
Жоғары қарай