Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда сәуір айында жаңа мектеп пайдалануға беріледі

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 15:53

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында 900 орындық жаңа мектеп сәуір айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

«Үш гектар аумаққа орналасқан жаңа білім ұясының ауданы 8487,21 шаршы метр. Қазіргі таңда ғимаратты сыртқы және ішкі әрлеу жүргізіліп жатыр.

Былтыр құрылыс жұмысы басталған жобаны биыл сәуір айында аяқтау жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Отырар» ықшам ауданында көпқабатты үйлердің көптеп салынуы мен тұрғындардың көшіп келуіне байланысты білім ошағының да қажеттілігі туындайды.

Осы мақсатта, жаңадан салынып жатқан мектеп биыл қолданысқа берілмек. Оқушылар екі ауысымда білім алады.

Айта кетерлігі, қалада 43 мектеп бар. Оның 10-ы жекеменшік.


Жоғары қарай