Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті қолға түсті

2020 жылдың 4 тамыз 2020 11:40

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қалалық полиция бөлімі өкілдерінің хабарлауынша, қаладағы орталық мешіттердің бірінің қызметкері шағым түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шағымда мешітке белгісіз біреудің заңсыз кіріп, садақа жәшігінің ішінен 10 000 теңге ақшасын жасырын жымқырып кеткендігі айтылған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Қылмыстық ашу полицейлер жедел-тергеу тобын құрып, осы қылмыс туралы ададарды сұрастырып, бейнебақылау камераларын мұқият тексерген. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған Кентау қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

«Тергеу барысында күдікті мешіттің есігі ашық тұратынын пайдаланып, шарбағынан асып түсіп, ішіне заңсыз кірген. Содан қағаз ақшаларды ала алмайтын болғасын, садақа жәшігін сілкіп, тиындарын шығарып, алып кеткен. Күдікті ұрланған ақшаны өз қажетіне жаратып жібергенін мойындап отыр. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай