Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда пара беріп, пәтер алған тұрғындар баспанасын тез арада босатуы тиіс

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 18:02

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында пара беріп, пәтер алған тұрғындардан баспананы босату талап етілді. Бұл туралы қала әкімдігі жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, пара беру дерегі 2017 жылдың желтоқасан айында орын алған. Қаланың үш тұрғыны Отырар мөлтек ауданында жаңадан бой көтерген үйлерден пәтер алу үшін өз кезегін ілгерілету үшін үй инспекциясы қызметкеріне пара берген.

Алайда кейіннен бұл қылмыс әшкере болып, пара алған қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Оның іс-әрекеті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бүгінде пара берген тұрғындарға да шара қолданылып отыр.

«Заңсыз іс-әрекет арқылы жылжымайтын мүлікке қол жеткізген азаматтарға апта басында сот орындаушылары барып, пәтерді босату жөнінде міндеттеме алды. Тұрғындар бекітілген 10 күн аралығында пәтерді босатпаған жағдайда қосымша шара қолданылып, жауапқа тартылатыны жөнінде тілхат табысталған» делінген әкімдіктің хабарламасында.


Жоғары қарай