Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда несиеге берілетін үйлер бойынша ақпараттық орталық ашылды

2021 жылдың 20 қаңтар 2021 10:56

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында несиеге берілетін баспаналар бойынша ақпарат беретін тұрғын үй сату орталығы ашылды.

Неке сарайының ғимаратында орналасқан орталықта азаматтар 7-20-25 ипотекалық бағдарламасы жайлы толық мәлімет алып, соңғы ақпараттар мен мемлекеттік бағдарламалармен таныса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен ашылған орталықта тұрғындардың баспана алуға өтініш беруіне мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, арнайы сайтты қарап және ақпараттық орталықтағы мамандардан кеңес ала алады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Түркістан қаласындағы 16 көпқабатты тұрғын үй тапсырылады деп жоспарланған. Онда пәтерлердің шаршы метрі 180 мың теңгеден сатылымға шығарылмақ. Өз кезегінде аталған орталықтың ашылуына қатысқан облыс әкімі жауапты органдарға жүйелі жұмыстар жүргізуге нақты тапсырма берді. Баспаналы болуға ниетті әрбір азаматтың өтінішін жүзеге асыруға күш салуды міндеттеді.














Жоғары қарай