Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Түркістанда «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты этнос жастарының форумы өтті

2019 жылдың 23 сәуір 2019 18:14

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында этнос жастарының форумы өтті. Шараға мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері мен облыстық ассамблея құрылымдары, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, жастар қанаты мен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынды ашқан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Мадина Камеденова мемлекеттік тіл - этносаралық келісімді нығайтудың негізгі факторларының бірі екендігін айтып өтті. Ауқымды шараның мақсатын кең көлемде түсіндірді. Биылғы жылдың жастарға арналғандығын, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жандана түсетінін жеткізді.


null

Сондай-ақ, корей этномәдени бірлестігінің жанындағы Жастар қанатының мүшесі, 1 курс студенті Сабина Пак мемлекеттік тіл туралы пікірін білдірді.

«Тіл - Тәуелсіздіктің айғағы, тіл мен егемендік - егіз ұғым. Тілсіз-тәуелсіздік, егемендіксіз - тіл болмайды. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақтың болашағы - қазақ тілінде» деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерімізді аямай, еңбек ету ғана қалды», - деді Сабина Пак.

Форумда өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Рустам Саттаров пен түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Фериде Ейбова да түркі әлемінің жаңа рухани орталығы - Түркістанды дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.




null


null

Жоғары қарай