Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістанда кейбір қарттардың зейнетақысы үйлеріне әкеліп таратылуда

2020 жылдың 3 сәуір 2020 05:43

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында зейнеткерлер карталарға рәсімделіп, қарияларға жеткізілуде. Бұл туралы Қазпошта АҚ облыстық филиалының директоры Бақытжан Ысқақ мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Ысқақтың айтуынша, өңірде бұл қызмет түрлері шот арқылы төлемақылар алып жүрген үлкен қарт кісілерге көрсетіледі. Себебі, қауіпті індет тараған кезеңде қызметкерлер мен тұтынушылардың саулығы бәрінен де маңызды. Дегенмен, пошта қызметкерлері өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатқанын айтады.

«Барлық қызметкерлер санитарлық талаптарға сай жабдықталды. Басқарма қызметкерлері, операторлар, хат тасушылар, сұрыптаушылар, көлік жүргізушілері мен инкассаторлардың барлығы дерлік бетперделер, қолғаптар және антисептиктермен қамтылды. Облыс орталығы мен елдімекендердегі 55 жастан асқан қызметкерлер өз таңдауымен демалыстарға жіберілетін болады. Мүмкіндігі шектеулі және жасы 80-нен асқан азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақылары мекен-жайларына арнайы сақтық киіммен қамтылған мобильдік топпен жеткізіледі. Зейнетақыны алу уақыты басталған кезде тұрғындарды міндетті түрде бетперде киіп, сақтық шараларын жасауға шақырамыз. Азаматтар поштаға келгенде кемінде 2 метр ара-қашықтықты сақтап, сабырлы болғаны абзал»,- деді Бақытжан Бекболатұлы.

Айта кетерлігі, 2020 жылдың 1-15 сәуір аралығында Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы поштаның жұмыс кестесіне шектеулер енгізілген. Яғни, қызмет көрсету таңғы сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін белгіленген. Ал, қызметі шектелген елдімекендердегі бөлімшелерге зейнетақы, мен еңбекақы, жәрдемақылар берілу барысында облыс мамандарын тарту қарастырылған.


Жоғары қарай