Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда халықаралық талаптарға сай спорт кешендері салынып жатыр

2021 жылдың 27 шілде 2021 13:48

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында әлемдік стандарттарға сай теннис орталығы салынып жатыр. Әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген нысанның құрылысы толықтай испаниялық жобаның үлгісімен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында бой көтеріп жатқан бірқатар жаңа нысандарды аралап, құрылысшылармен кездесті. Жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді. Құрылыс барысында бекітілген кестеден ауытқымауды есткертіп, кей құрылыс алаңындағы жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Себебі, құрылыстың сапасы басты назарда.




«Құрылыс барысында әр қадам маңызды. Әсіресе сапаға салғырт қарауға жол бермеу керек. Жаңадан салынып жатқан барлық спорт нысандарына талап осы. Халыққа ыңғайлы, сапасы мінсіз болуы тиіс. Бұл жерде ертең балаларымыз жаттығып, шынығады. Балаларды, жасөспірімдерді ерте жастан спортқа баулу арқылы біз келешек ұрпағымызды тәрбиелейміз»,-дейді облыс әкімі.




Жаңадан салынып жатқан нысандардың бірі -Теннис орталығы. 7 ашық теннис кортынан тұратын нысанның көрермендерге арналған жиналмалы мінбелері мен әмбебап және балалар ойын алаңдары бар. Аймақ басшысы сондай-ақ, спорт кешендері бар есу каналының құрылыс алаңында болды. Бұл нысан еліміздегі су спорты түрлерін дамытып, Түркістан қаласында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бермек. Шаһардың сәулетін келтірумен қоса, туризмді дамытып, өңірде қолайлы микроклимат қалыптастыруға сеп болмақ. Халықаралық дәрежедегі ескек есу жəне байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталық 100 гектарға жуық алаңда орналасқан.

















Жоғары қарай