Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда «Елбасы – елімнің тірегі» атты мерекелік шара өтті

2021 жылдың 30 қараша 2021 16:11

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы – елімнің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Алдымен көпшілікке «Елбасы және Ұлы дала мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеде Тұңғыш Президенттің қызмет жолы, Түркістанға келген іссапарлары, шетел басшыларымен кездесуінен суреттер ұсынылған.

«Farab» кітапханасында өткен салтанатты жиында LED экран арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаты туралы деректі туынды көрсетілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов жұртшылықты мерекемен құттықтады.

«Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Мемлекетімізді дамытуда Елбасымыздың еңбегі ерен. Қасымызда алпауыт державалар тұр. Солармен келісіп еліміздің шекарасын бекіту деген үлкен жұмыс. Тәуелсіздіктің арқасында тіліміз, дініміз, мәдениетіміз тұғырына қонды. Тәуелсіздікті жариялаумен мәселе шешілмейді. Оны сақтау қажет. Әлемде 5 мыңдай тіл, яғни, 5 мың ұлт бар. Солардың небәрі 200-ден астамында ғана мемекет бар. Сондықтан тұрақтылықты сақтауда, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Елбасы еңбегі айтылуы тиіс. Тұңғыш Президенттің тікелей қолдауымен Түркістанымыз қалай өзгергенін қоғам көріп-біліп отыр», – деді Рашид Аюпов.




Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ, еңбегімен дараланған бір топ азаматты аймақ басшысының алғыс хатымен марапаттады.

Олардың арасында медицина, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау, спорт, кәсіпкерлік және өзге де салалардың өкілдері бар.

Жиында Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов құттықтау сөз сөйлеп, Елбасының тәуелсіздігімізді нығайту бағытындағы еңбектері туралы баяндады.




Кентау қаласындағы №16 Ю.Гагарин атындағы мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Елена Стребкова да бұл күннің маңызына тоқталып, мемлекеттік тіл - елді біріктіруші күш екенін атап өтті.

Мерекелік іс-шарада Түркістан облысының танымал әншілері мен өнер ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынып, отаншылдықты дәріптейтін әндер шырқалды.


























Жоғары қарай