Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістанда алғаш рет құрылысшылар форумы өтті

2019 жылдың 31 шілде 2019 22:28

ТҮРКІСТАН. Қазақпарат – Түркістанда алғаш рет құрылысшылар форумы өтті. Басқосуда шаһардағы құрылыс жұмыстарына отандық тауарларды қолдану мен құрылыс материалдарын өндірушілер арасында байланыс орнату мәселесі сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен құрылысшылар, сәулет және қала құрылысы мамандары мен сәулетшілер, жобалаушы кәсіпорындар мен кәсіпкерлер қатысты. Форумда отандық өнімдердің сапасын көтеріп, оны қолдау қажеттігі айтылды. Алдағы уақытта қарқын алған құрылыс жұмыстарына отандық өнімдерді молынан тарту үшін жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнатылатын болып келісілді. Айта кетейік, Түркістан қаласы облыс орталығы атанғалы қарқынды құрылыс алаңына айналды. Облыста биыл құрылыс көлемі артып, қазірдің өзінде шаһарда көпқабатты тұрғын үйлер мен бірнеше ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр.

«Түркістан облысыда жан-жақты құрылыс, сатып алу жүруде. BI Group компаниясымен бірлесіп жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ден қойып отырмыз. Кәсіпкерлер отандық тауар өндірушілердің тауарын алу керек. Кей құрылыс заттарын біз шетелден алып жатамыз. Тура сол жиһаз бізде де бар»,- дейді Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев.

Жоғары қарай