Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда Абай есімді 10 жастағы балалар сыйлық алды

2020 жылдың 11 тамыз 2020 15:22

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында Абай есімді 10 жастағы балалар сыйлық алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында ұлы Абайдың 175 жылдық мерекесіне орай «Адамзаттың Абайы» атты мерекелік іс-шара өтті. Ұйымдастырушы - облыстық Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы».

«Іс-шара барысында басқарма қолдауымен Абай есімді 10 жастағы бірқатар жасөспірімге арнайы сыйлықтар табыс етілді», - делінген ақпаратта.

«Жас ұрпаққа Абайдың ұлы бейнесін, өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттау – бізге парыз. Абай есімін көтеріп жүру – үлкен жауапкершілік. Облысымыздағы Абай есімді жастар бұл жауапкершілікті көтеріп жүре алады деп сенемін», – деді Қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Дәурен Сариев.

Шара барысында Түркология ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері, филология магистрі Роза Жұмабайқызы «Абайдың кісілік келбеті» туралы баяндама оқып, осы күнге дейін ұлы ақын туралы жазылған құнды мақалаларға шолу жасады.
«Ал жас ақындар Абайға арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, көркемсөз оқу шеберлері ақынның жырларын нақышына келтіре жұрт назарына ұсынды.

Сондай-ақ, мереке кезінде халық арасында кең таралған Абай әндері шырқалды. Мәселен, Қожахмет Аманбаев «Сегіз аяқ» әнін, Мейрамбек Мырзахметов «Көзімнің қарасы» әнін тамылжыта орындап, келген қонақтарға ерекше серпіліс сыйлады», - деді Өңірлік коммуникациялар орталығынан.
Айта кетейік, Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді.


Жоғары қарай