Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда 150-ден астам отбасыға азық-түлік себеттері таратылды

2021 жылдың 6 мамыр 2021 14:35

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында аз қамтылған 150-ден астам отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Қасиетті Рамазан айындағы игі іске «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұжымы мен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы бірлесіп ұйытқы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, жақсылыққа жаны құмар жандардың бұл әрекеті — көпке үлгі боларлықтай. Тағылымы мол іс-шара республикалық «Biz birgemiz» акциясы аясында өз жалғасын табуда. Тұрмысқа қажетті ас-суды таратуға «Jas Otan» жастар қанатының белсенді жастары мен еріктілер де жәрдем берді. Қайырымдылық шараның шарапатын көрген жандар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.




«Өңірдегі тұрмысы төмен жанұяларға азық-түлік себеттерін табыстауды дәстүрге айналдырдық. Әрине, қайырымдылық шарасын елдің алғысын алу үшін ұйымдастырып отырмыз. Бұдан бөлек, қаладағы саябақтарға көшет отырғызып, облыс орталығын жасыл қалаға айналдыруға атсалысып келеміз. Мақсатымыз — қаланың гүлденуіне үлесімізді қосып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыруға көмек беру», - дейді «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Дәурен Тәңірбергенов.

















Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Білім,
Жоғары қарай