Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан полицейлері жоғалған жылқы үйірін бір күнде тапты

2019 жылдың 31 шілде 2019 15:31

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірден 17 жылқы жоғалып кеткен. Бір үйір жылқысынан көз жазып қалған мал иесіне шамамен 6, 5 миллион теңге шығын келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт түліктің иесі көмек сұрап полицияға арызданған. Жоғалған жылқыларды табу үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан бірнеше мобильдік топ құрылып, олар ауылдың шығар жерлерін тексерген. Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан сұрақ-жауаптар алады. Сонымен қатар мал базарлар мен мал тасымалдайтын көліктерді тыңғылықты қарап, ақыры алыс жайылымдық жерден жылқы үйірін тапқані.

Осылайша, жоғалған 17 бас жылқысын қайтарып берген ауыл тұрғыны полицейлерге шексіз ризашылығын білдірді.

Жоғары қарай