Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысының үздік ұстаздары марапатталды

2020 жылдың 30 қазан 2020 21:32

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының үздік ұстаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Түркістан қаласында «Үздік педагог-2020» байқауының ІІ кезең жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов марапат иелерін құттықтап, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сонымен қатар, үздік ұстаздарды оқушыларға сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында қажырлы еңбек ете берулеріне тілектестік білдірді.

«Байқаудың республикалық кезеңіне Түркістан облысының педагогтары арасынан іріктелген 11 ұстаз қатысты. Сайыс нәтижесінде республикалық кезеңге өткен ұстаздардың 3-і «Үздік педагог» атанып,қомақты сыйлықтармен марапаталды. Бүгін республикалық жарысқа қатысқан өзге 8 мұғалімге Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан арнайы сыйақы мен облыстың «Үздік педагог» куәлігі табысталады. Марапаттарыңыз құтты болсын, ұлағатты ұстаздар», - деді Сәкен Қалқаманов .

Марапатқа ие болған мұғалімдерді облыс әкімінің орынбасары арнайы құттықтап, әрқайсысына 850 мың теңгенің сертификатын табыстады.











Басты сөздер: Түркістан облысы, Білім,
Жоғары қарай