Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысының шекараларында блокпосттар қойылды

2020 жылдың 19 наурыз 2020 22:58

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 18 наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтарда орналасқан «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде тәулік бойы жұмыс істейтін блокпосттар қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде. Мәселен, Шымкент-Самара тасжолының 208-шақырымындағы «Сауран» бекетінде коронавирустың Түркістан облысы аумағына енбеуін қадағалау мақсатында арнайы блокпост тәулік бойы жұмыс істеуде. Бүгін таңғы 9:00ден 13:00-ге дейін 200-ге жуық көлік тексерілді.

Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметі басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов қазірге дейін ыстығы көтерілген күдікті азаматтар анықталмағанын айтты.
«Облыстың шекаралық аймақтарындағы Сауран», «Шақпақ» бекеттерінде арнайы блок-посттар тәулік бойы кезекшілікте. Онда мамандар арнайы 3 перометрмен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Құрылғы азаматтардың дене температурасын 2-3 секундта анықтайды. Қазірге дейін бекеттерде күдікті азаматтар анықталмады», - деді департамент өкілі.
Сонымен қатар, Шымкент-Алматы тасжолы бойындағы Шақпақ бекетінде де блокпост тәулік бойы кезекшіліктер тұр. Әр бекет тәулігіне 400-ге жуық көлікті тексерістен өткізуде.
Бұдан өзге, Түркістан облысындағы әрбір ауданның әкімшілік шекараларында да эпидемияның таралуына тосқауыл қоятын арнайы мамандар бекеттерге жұмыс істеп отыр.


Жоғары қарай