Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысының полицейлері тыл ардагерлерінің куәлігін рәсімдеп берді

2020 жылдың 25 қараша 2020 04:40

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының полицейлері тыл ардагерлерінің куәлігін рәсімдеп берді. Қариялардың жеке куәлік алулары үшін фотосуретке түсіріп, құжаттарын қысқа мерзімде дайындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түлкібас АПБ-нің Көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Нұрман Шыңғысбаев Шұқырбұлақ ауылының тұрғындары 93 жастағы Моншақ Шөкеев пен жұбайы 91 жастағы Жақсыгүл Сиқымбаеваның үйіне барып қайтты. Қос қария пандемия кезінде сақтық шараларын сақтап, сыртқа шыға алмай қалған. Сондықтан зейнеткерлердің жеке куәлігін жасату үшін ішкі істер қызметкерлерін суретке үйлерінен түсіріп, жаңа куәліктерін рәсімдеп берді.

Полиция қызметкерлерінің атқарған жұмыстарына көңілі толған ардагерлер өз ризашылықтарын білдірді. Жалпы, Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі көмек көрсетіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да тәртіп сақшылары үнемі жалғастырамыз деп отыр.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Қоғам, ҚР ІІМ, Шымкент,
Жоғары қарай