Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысының Леңгір қаласында Оқушылар үйі салынады

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 01:13

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында 80 орындық оқушылар үйі бой көтереді. Былтыр заманауи жаңа ғимараттың жобалау жұмыстарына тапсырыс берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру қолдау тауып отыр. Оқушылар үйінде жеңіл атлетика, еркін күрес, қолөнер бағытында «мүсінші», «тігінші» және тілдік бағытта «өнерлі бала» үйірмелері жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, ескі аудандық оқушылар үйінің ғимараты 1937 жылы шахта жұмысшылары үшін жатақхана ретінде салынған. Соғыс жылдарынан кейін ғимарат қалалық №7 бастауыш мектебіне, 1960 жылдан бастап №5 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары үшін берілген. Ал, 2010 жылдан бері аудандық оқушылар үйі ретінде қолданыста. Онда оқушыларға үйірме жұмысын жүргізуге ғимараттың бөлмелері жеткіліксіз болған. Сондықтан заман талабына сай оқушылар үйі бой көтермек. Жаңа білім ұясы Төлеби ауданы оқушыларының білім көкжиегін кеңейтуге сеп болары анық.


Жоғары қарай