Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысының кәсіпкерлері коронавирусқа қарсы күреске қаржы аударуда

2020 жылдың 27 наурыз 2020 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жуырда Елбасы бастамасымен «Nur Otan» партиясы «Біз біргеміз!» акциясын бастағаны белгілі. Осыған орай еліміздің ірі кәсіпкерлері арнайы қорға қомақты қаражат аударып үлгерді. Бұл игі бастамаға Түркістан облысының кәсіпкерлері мен облыстық мәслихат депутаттары да айрықша үлес қосуда, деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Серікжан Сейітжанов республикалық қорға 100 млн. теңге аударғаны хабарланды. Өзге кәсіпкерлер де өңірлік қорға үлес қосып, қауіпті індетке қарсы күрес жүргізуге, елдің әл-ауқатын көтеруге атсалысуда. Мәселен, «Қайып ата» ЖШС-нің директоры Сырым Ертаев 10 млн. теңге бөліп, жомарттық танытты. Түркістан облысының перзенті, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын белгілі меценат, филантроп Оралбек Ботбай өңірдегі қорға 1 млн. теңге аударды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қауіпті дертті жеңуде қоғамды ұйыстыру жөніндегі бастамасын назарда ұстаған азаматтарға ел риза.

«Nur Otan» партиясының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Мағауия Тұрысбеков («Жаңа арна құрылыс» ЖШС) пен Жаңабай Ағабеков («Евро ремонт сервис») 1 млн. теңгеден көмектессе, депутат Алмас Салимов те («Алжа-құрылыс» ЖШС) 1 млн. теңгені ел үшін бөле білді. Жеке кәсіпкер Талғат Қаржауов 1,2 млн. теңгеге демеушілік танытса, ел жанашыры, «Ордабасы құс» ЖШС-нің директоры Мұрат Тағаев 2 млн. теңге көлеміндегі ет өнімдерімен көмек ұсынбақ.

Сондай-ақ аудан, қалаларда кәсіпкерлер мен жекелеген азаматтар да тұрғындарға қайырымдылық жасап жатыр.


Жоғары қарай