Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысының Ескі Иқан ауылында соңғы үлгідегі емхана ашылды

2020 жылдың 31 қазан 2020 05:19

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Кентау қаласы Ескі Иқан ауылында жаңадан шағын емхана ашылды. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған медициналық мекеме жеке кәсіпкердің демеушілігімен жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бекайдар Алимбетов қатысты.

Емханада біліктілігі жоғары дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың қатарында эндокринолог, невропатолог, жалпы тәжірбиелі дәрігер, УДЗ дәрігері, стоматолог, акушер-гинеколог, фельдшерлер және мейірбикелер бар. Білікті дәрігерлер Түркістан қаласынан тартылған. Жалпы жұмысқа қабылданған мамандардың 70 пайызы жергілікті азаматтар. Сондай-ақ, емханада соңғы үлгідегі УДЗ және рентген аппараттары орнатылған. Жалпы емханаға 50 млн теңге қаржы жұмсалған.

Бұған дейін ем іздеп Түркістан, Кентау қалаларына сабылып келген тұрғындар енді өз ауылында ем қабылдауға мүмкіндік туғанына дән риза.

Айта кетейік, алдағы уақытта жаны жомарт азамат бір мезетте 300 адамға дейін қабылдауға қауқарлы клиника салуды жоспарлап отыр.

Жоғары қарай