Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысының бас полицейі 150-ден астам азаматты қабылдады

2020 жылдың 26 қараша 2020 21:18

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» ұйымдастырылды. Аталған шара аясында облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындармен «ZOOM» интернет платформасы арқылы тілдесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындардың мәселесін шешу мақсатында жоспарланған шараға департамент бастығынан бөлек орынбасарлары мен полиция басқарма, бөлімдерінің басшылары қатысты. Қабылдауға жазылған азаматтардың бір бөлігі тікелей эфир арқылы өздерінің арыз-шағымдарын жеткізсе, енді бірқатары тергеушілердің тиянақты жұмысына алғыстарын білдірді. Арасында ішкі істер органына қызметке орналасу бойынша өз сауалын жолдағандар да болды. Департамент бастығы азаматтардың мәселесіне мән беріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Яғни, алдағы уақытта тұрғындар тарапынан түскен әрбір сауал бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болды.




«Полиция халыққа қолжетімді болуы тиіс. Әсіресе жұртқа жақын болуда учаскелік полицейлерге артылар жүк аз емес. Олар әрдайым өз аумағындағы азаматтардың арыз-шағымына ден қойып, қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізіп отыруы керек»,-деді Қайрат Дәлбеков.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдің бас полицейі 158 адамды қабылдаған болатын. Оның ішінде 69 тұрғынға онлайн-режимде жауап берді. Олардан түскен сұрақтардың басым бөлігі өз мерзімінде шешімін тапқан.














Жоғары қарай