Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысының 16 үйлестіру орталығы СOVID-19 инфекциясымен күресуге дайын

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 16:31

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында коронавирус инфекциясымен күрес бағытында жұмыс жүргізетін үйлестіру орталықтары құрылды. Құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері мен аудандық ауруханалардың дәрігерлері кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, үйлестіру орталықтарының қызметі ахуалды орталықпен бақыланады. Барлық ақпарат 24/7 форматында бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық базаға енгізіледі.

Сондай-ақ, өңірде үйлестіру орталықтары ашылып, індеттің таралуының алдын-алу мақсатында жасақталған мобильді топтардың саны да арта түскен. Қазіргі таңда облыс көлемінде 120-ға жуық мониторингтік топ қызмет атқаруда. Мобильді топтардан келіп түсетін ақпаратты қабылдау және өңдеу үшін аудан, қалалардағы 16 үйлестіру орталығы облыс әкімдігінің ахуалдық-талдау орталығына жолдайды.




Соңғы мәліметтерге сүйенсек, мамандар шілде айынан бері 42 233 нысанды аралап, карантиндік режим талаптары бұзылған 5 282 жағдайды анықтаған.

Карантин талаптарын бұзған тұлғаларға қатысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-тармағы бойынша 4 710 хаттама толтырылған. Айыппұлдың жалпы сомасы 244 700 130 теңгені құраған.

Соңғы аптада 191 хаттама толтырылып, оның ішінде 185 жеке тұлғаға 30 айлық есеп көрсеткіші, 4 жеке кәсіпкерге және 2 лауазымды тұлғаға 230 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл салынған.















Жоғары қарай